Оқиға туралы хабарландырулардың таралуын тексеру үшін клиент құрылғыларында Eicar сынақ "вирусын" анықтау туралы хабарландыру қолданылады.
Оқиғалар туралы хабарландырулардың таралуын тексеру үшін:
Егер сканерлеу тапсырмасы дұрыс конфигурацияланған болса, оны орындау барысында сынақ "вирусы" анықталады. Егер хабарландыру параметрлері дұрыс конфигурацияланған болса, сіз табылған вирус туралы хабарландыру аласыз.
Басқару сервері түйінінің жұмыс аймағында, Оқиғалар қойыншасында, Соңғы оқиғалар таңдауында "вирустың" анықталғаны туралы жазба көрсетіледі.
Eicar сынақ "вирусында" сіздің құрылғыңызға зиян тигізуі мүмкін бағдарламалық код жоқ. Алайда өндірушілердің қауіпсіздік қолданбаларының көпшілігі бұл файлды вирус деп анықтайды. Сынақ "вирусын" EICAR ұйымының ресми сайтынан жүктеп алуға болады.
Басына оралу